Жаңа секцияларға жаттықтырушыларды іріктеу аяқталды
12.7.2023
Қазақстан

Жаңа секцияларға жаттықтырушыларды іріктеу аяқталды

Біз Қазақстанда 6 жаңа секцияның ашылатынына өте қуаныштымыз. Іріктеу барысының барлық мәліметтерін білгіңіз келе ме?


Жаңа жаттықтырушылармен танысайық:

Жаңа бапкеріміз Жанат Әшімов ағылшын тілі мен дене шынықтыру пәндерін қатар жүргізіп, Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылындағы Supernovas секциясын басқарады.


Қасымбек Алғазиев — Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Балалардың мұң-мұқтажын түсініп, олардың спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, психологиялық тұрғыдан да қолдау көрсетуімен бізді баурап алды.


Байболат Серікбай — Сауран ауылының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және Supernovas командасының жаңа жаттықтырушысы. Оның құндылықтары бізге жақын — ол 12 жасқа дейінгі балалардан нәтиже талап етпеу керек және олардың барлығына бірдей ойын тәжірибесін беру керек деп санайды.


Сұлтанәлі Иманбаймен танысыңыз, ол Алматы облысы Талғар қаласында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Сұлтанәлі осы жаттығулар арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды футболға үйретіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуді жоспарлап отыр. Бұл біздің басты құндылықтарымыздың бірі және біз оны қолдауға қуаныштымыз! 


Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко ауылының тұрғыны Сағынышбек Бұхарбайұлы қазірдің өзінде ауылының балаларына спортты тегін үйретіп жүр. Бұл оның жеке бастамасы және оның ынтасы жайлы көп нәрседен хабар береді.


Оралбек Қарабаев Түркістан облысы Атакент ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның халықаралық жарыстарға апарған тхэквондошылар тобы бар. Алайда футбол әрқашан оның жүрегінде ерекше орын алды.


Барлығыңызға қызықты жаттығулар тілейміз!

Біздің жаңалықтар