«Supernovas» жобасы – "Біз балаларды футбол ойнауға үйрететін адамдарды іздейміз"
15.8.2022
Қазақстан

«Supernovas» жобасы – "Біз балаларды футбол ойнауға үйрететін адамдарды іздейміз"

Prosports.kz қазақстандық спорт басылымына арналған «Supernovas» коммерциялық емес футбол жобасының жетекшісі Анна Федорчукпен сұхбат

Сіз қалай ойлайсыз, мықты жаттықтырушы қандай болуы керек? Спортта үлкен жетістіктерге жеткен адам? Әлде қарамағындағы қатысушыларға энергиясын дұрыс бағыттай алатын адам ба? Немесе әртүрлі жаттығу әдістерін меңгерген жан ба? Иә, мұның барлығына толықтай келісеміз, дегенмен ең маңызды қасиеті — бұл өз ісін жақсы көретін және қатысушыларға құрметпен қарайтын адам. Дәл осындай жаттықтырушыны атақты спортшылар жақсы сөзбен еске алады.

«Supernovas» коммерциялық емес футбол жобасының жетекшісі Анна Федорчук мұндай жаттықтырушыларды қайдан табуға болады, оларды қалай қолдау керек,#nbsp; шағын қалаларда атаулы жобаны жасаудың маңызы неде және балалардың өмірін қалай бақытты ету керек деген сұрақтарға жауап берді.

Жобаның мақсаты туралы айтып беріңізші

«Supernovas» - бұл шағын қалалар мен ауылдағы балаларды бақытты етуге бағытталған халықаралық коммерциялық емес футбол жобасы. Басты мақсаты балаларды футболға баулу, физикалық белсенділік, олардың физикалық және психикалық дамуы арқылы жүзеге асыруға болады. Біздің бүкіл команда InDriver компаниясынан құрылған, ал жоба InDriver басшысы Арсен Томскийдің жеке қаражатынан қаржыландырылады.

Жобаның мақсаты өте қарапайым: біз балаларды және футболды жақсы көретін, сондай-ақ балаларды аптасына бірнеше рет жаттықтыра алатын адамдарды тапқымыз келеді. Біздің жобамыздағы жаттықтырушы - басты тұлға. Ол сабақтарда жайлылық пен қауіпсіздікті әрі достық ортаны сезіндіретін, балаларды қызықтыра алатын адам. Жаттықтырушының жұмысы әрине төленеді.

Жаттықтырушы болу үшін футболшы немесе кәсіби жаттықтырушы болудың қажеті жоқ. Таңдалған үміткерлерге біз бәрін үйретеміз. Тек футболға қызығушылық таныту, балалармен қарым-қатынас жасау және шыдамды болуы маңызды.

Біздің жобаның орнатылған құндылықтары бар, олар өте қарапайым, оларды орындау барлығына міндет. Мәселен, біз балаларға ешқандай жағдайда дауыс көтермейміз және жаттығу кезінде жіберген қателіктері үшін жазаламаймыз, сабақ кезінде ойын көрсеткіші бойынша бағаламаймыз.


Жаттықтырушы сабақта ең бастысы достық ортаны қалыптастырып, ойынның нәтижесі емес жай ғана ойыннан ләззат алу керегін түсіндіру. Яғни, біз футбол ойнауды және одан ләззат алуды үйретеміз. Балалар алдағы уақытта кәсіби футболшы бола ма, жоқ па, бізге маңызды емес. Олардың өз еркінде.

Жолданған өтінімдер арасынан жаттықтырушыларды таңдағаннан кейін біз сабақ өтетін спорт алаңдарын іздейміз және жалға аламыз. Қажетті құрал — жабдықтар мен формаларды сатып алып, одан ары барлық қатысуға ниетті балаларды жинаймыз. Келесі кезең сабақ кесте құрылған соң сабақтарды бастауға болады.

Сіздің айтуыңызша кез келген адам жаттықтырушы бола алады. Бірақ бұл балалармен жұмыс болғандықтан қауіпсіздік мәселесі қалай шешіледі?

Қауіпсіздік мәселесі біз үшін өте маңызды. Кез келген жаттықтырушы деген сөзіміз тәжірибеге қатысты. Біз жолданған өтінімдердің арасынан міндетті түрде іріктейміз және біздің талаптарға сай болу да оңай емес. Қазіргі уақытта жолданған өтінімдердің арасынан жаттықтырушыларды таңдап та алдық. 7 адам Ресейде және 3 адам Қазақстанда.

Бір қызығы, жаттықтырушы болуға өтінім жолдаған адамдардың басым көпшілігі футбол ойнағысы келетін балалардың әкелері. Олар өз баласы мен оның достарымен бірлесе футбол ойнағысы келеді. Үміткерлер бірнеше сұхбаттан өтеді, онда жанжал деңгейі, сондай-ақ қауіпсіздік тексерісінен өтеді. Сонымен қатар, біздің жоба жаттықтырушылар үшін психологтармен міндетті түрде қадағалауды және балалар мен олардың ата-аналарынан өте ашық және қауіпсіз кері байланысты қамтиды.

Қазір жобаны іске асыру қай кезеңде?

Біз Қазақстан және Ресейде бір уақытта сәуір айында бастадық. бұл жобаның іске қосылған алғашқы елі. Жаттықтырушы болғысы келетіндерден өтінімдерді жинаудың бірінші кезеңі бір айдан сәл астам уақытқа созылды, мамыр айының соңына дейін біз 250-ге жуық өтінім қабылдадық. Ресейде Қазақстанға қарағанда өтінім жолдаушылар саны көп болды. Мұның себебі, жоба туралы ақпарат аз болды ма деген болжам бар. Өтінімдерді қайта қабылдауды бастауға болады. Барлығын жобаға қатысуға шақырамын. Өтінімді біздің iskra.football сайтында жолдауға болады.

Ресейде таңдалған жаттықтырушылар оқытудың бірінші кезеңінен өтті, біз оларға форма мен керек құрал-саймандарды сатып алдық және балаларды жинай бастадық. Ал қыркүйек айының басында таңдалған елді мекенде жаттығулар басталады.

Қазақстанда біз жаттықтырушыларды іріктеу процесінде тұрмыз, өйткені әлі де үлкен әлеуеттің бар екенін сеземіз, сондықтан біз қазір қатысушыларды белсенді түрде алып жатырмыз. Айтпақшы, осы сұхбаттың көмегімен бізге жаңа қатысушылар өтінім жіберуі де мүмкін. Барлық жанды сайтта өтінім беруге шақырамыз.

Жаттықтырушыларды қалай оқытасыздар?

Біз өз бағдарламамызды құрдық. Ол бұқаралық футбол жаттықтырушыларын оқытудың қолданыстағы әдістемелеріне негізделген. Біз өз сабақтарымыздың мақсатына көп көңіл бөлеміз, балалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін, оларды қалай қызықтыруға және назар аударуға болатынын айтамыз.

Біз жаттығу жоспарын қалай құруға, әрқайсысын қалай қызықты және ерекше етуге болатыны туралы көптеген тәсілдер ұсынамыз. Балалардан кері байланыс алу және онымен жұмыс істеу, балалардың жаттығу кезіндегі қабілетін қалай білуге болатынын айтамыз.

Орнатқан бағдарламадан басқа, біз УЕФА-ның iCoachKids онлайн курсын ұсынамыз және ол орыс тілінде қолжетімді. Бұл бұқаралық футбол аясында балаларды жаттықтыратын кез келген адам үшін қарапайым және өте пайдалы курс.


Жаттықтырушыларға қойылатын талаптар туралы түсінікті, ал жобаға қатысушылар қандай талап бойынша таңдалады?

«Supernovas» жобасы тұрғындар саны 50 мың адамнан аспайтын шағын елді мекендерге арналған. Айтпақшы, егер біз тұрғындар санынан басқа барлық параметрлерге сәйкес келетін мықты жаттықтырушыдан өтінім алсақ, айталық, 50 мың емес 60 мың тұрғыны болса, бұл жағдайда өтінімді қабылдаймыз.#nbsp;

Біз шағын елді мекендерді әдейі таңдадық, онда балалардың даму мүмкіндігі үлкен қалаларға қарағанда әлдеқайда аз және бұл әділетсіз. Сол себепті біз бұл олқылықты түзеткіміз келеді.

Біз 5 пен 12 жас аралығындағы балаларды қабылдаймыз, бірақ тағы да, егер 4 жастағы бала біздің жаттығуымызға шын ықыласымен қатысуға ниет білдірсе, біз одан бас тартпаймыз. Біз бәріне ашықпыз, ұл мен қыз,#nbsp; ұлт, дін, әлеуметтік мәртебе де, даму ерекшеліктері де маңызды емес. Керісінше, біз балаларға ашық және баршаны тең қарауға үйретуіміз керек.

Атаулы жас аралығының таңдалуы бала өскен сайын футболға неғұрлым кәсіби тұрғыда қарайлап, арнайы мектептерге баруды жоспарлайды, немесе, керісінше, жай ғана өз достары арасында ойнауды дұрыс санайды. Сондай-ақ, УЕФА ұсыныстарына сәйкес, осы жастан бастап әйелдер мен ерлер командаларына бөліну қажет. Әзірге біз "баршаға бірдей" деген қағиданы ұстанамыз.

Жаттықтырушылар, айтпақшы, бізде ерлер де, әйелдер де болуы мүмкін, бізде еш шектеу жоқ.

Неліктен сіз футболды таңдадыңыз?

Бұл №1 спорт түрі және керемет командалық ойын. Бірақ жоба дамығаннан кейін басқа да спорт түрлері қосылады. Мысалы, мен жүгіруді және бадминтонды жақсы көремін (күледі).

Әзірге еш мәселе жоқ. Жобаны іске асыру барысында қандай да бір қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін бе?

Әрине, қиындықсыз болмайды. Біз алғаш бастаған кезде ең үлкен қиындық ойын алаңдарын табу деп ойладық. Алаңдар бар, бірақ сапасы мен алаң жағдайы әртүрлі.

Ал белсенді жаттықтырушыларды табу өте қиын болды. Барлығы ескі форматқа үйреніп қалған. Яғни жаттықтырушы қатал және талапшыл. Ол жаттықтырушылар кез — келген жағдайда спорттан нәтиже шығаруды көздейді. Сонымен қатар, барлығы жаңа, ерекше жұмыс схемасынан қорқады. Ал АҚШ пен Еуропадағы балалар спорт жүйесі мүлдем басқаша, АҚШ-та балалардың әкелері жаттықтырумен айналысады. Ал бізде барлығы басқаша.


Көптеген жаттықтырушылар біздің барлық қажет заттарды сатып алып беретінімізге, ұйымдастырушылық сәттерге көмектесетініміз, әдістемелер ұсынатынымызға және жалақы төлейтінімізге сене алмайды. Жалақы топтардың санына және олармен өткізген уақытқа байланысты төленеді, сонымен қатар бұл жаттықтырушы үшін негізгі жұмыс емес деп есептейміз. Бірақ салыстырмалы түрде спорт мектебіне қарағанда екі есе жоғары төлейміз.

Жаттықтырушыларды жобаға сендіру өте қиынға соқты. Осы уақытқа дейін бізге өте ұнаған, бірақ соңынан телефон тұтқасына жауап бермей кеткен кандидаттар да бар. Мен оларға қоңырау шалып, сұрағым келеді: не себепті? Неліктен жауапсыз кетті?

Болашақта «Supernovas» жобасы толық күшіне енген кезде, бұл сенімсіздікті жеңеміз деп үміттенемін.

Қазақстанда және жалпы дамуға қатысты қандай жоспарыңыз бар?

Тағы да қайталаймын, біз қазір жаттықтырушылардан өтінімдер жинап жатырмыз және олар жеткілікті болады деп үміттенеміз. Біз Қазақстанда жыл соңына дейін кемінде 5 секция ашқымыз келеді, мүмкін одан да көп болар. Менің ойымша, біз дұрыс жерге келдік және жоба өз кейіпкерлерін табады.

Болашақта жоба бұрынғы КСРО-ның басқа елдерінде және дамушы елдерде пайда болады. Балалар мен ересектерді футболға және басқа да спорт түрлеріне тартудың әртүрлі қызықты тәсілдері есебінен кеңейетін боламыз.

Неліктен бұл жобаны inDriver қолға алды?

Компанияның миссиясы - әділетсіздікпен күресу және сол арқылы әлемді дамыту. Бұл тек бизнеске ғана емес, коммерциялық емес қызметке де қатысты. Біз әділетсіздік деңгейі жоғары және адал, әділ және тең мүмкіндіктер беретін салаларды жүйелі түрде іздейміз. Жоғарыда айтқанымдай, шағын елді мекендердегі балаларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру - бұл әділ шешім!

Айта кету керек, «Supernovas» Ресей мен Қазақстан бойынша жобаның ұлттық демеушісі болуға шешім қабылдаған Арсен Томскийдің жеке қаражатынан қаржыландырылады. Дегенмен басқа елдерге барған кезде жергілікті демеушілерді іздеуге тырысамыз.

Егер сізге «Supernovas» ұранын ойлап табу керек болса, ол қандай болар еді?

iCoachKids тренингінің басында жаттықтырушының басты мақсаты – балалардың спорттан ләззат алуын сақтау, дәл осы жағдайда спортқа деген құлшыныс ешқашан өшпейді делінген. Мен бұл жаттығуды өзім өткізген кезде: "Құдайым-ау, біздің атау «Supernovas» деп аталады, неткен сәйкестік деп таңғалғаным бар! Бұл керемет кездейсоқтық". Сондықтан, біз спортқа, футболға деген сүйіспеншілікті қолдаймыз және ересек адамдар да кезіндегі сол сезімді ұмытпағанын қалаймыз.

Біздің жаңалықтар