Supernovas Cup 2023 қалай өткіздік
6.6.2023
Қазақстан

Supernovas Cup 2023 қалай өткіздік

Осы жылдың маусым айында біз Supernovas Cup 2023 өткіздік, бұл - футбол тек көңіл көтеру үшін ойналатын екі күндік турнир

Осы жылдың 3-4 маусымында біз бірінші ауқымды турнирімізді Supernovas Cup 2023 өткіздік. Турнирдің басты мақсаты жобаның барлық қатысушыларын балаларды, ата-аналарды, жаттықтырушыларды Supernovas-тың негізгі идеясының айналасында жинау болды: футболды жақсы көретін әрбір адам көңіл көтеру үшін ойнауға лайық. 


Supernovas Cup 2023 кезінде Қазақстанның әр өңірінен келген жігіттер бір-бірімен танысып, уақытты қызықты өткізіп, сүйікті ойындарын бірге ойнай алды. Матчтар кәсіпқой спорттың барлық ережелері бойынша өтті, тек бір маңызды ерекшелік оларда бірде-бір жеңіліс болған жоқ. Біз үшін балаларға матчтарға қатысудан мүмкіндігінше көбірек ойын тәжірибесі мен көңілді болу маңызды болды. Көбінесе жарыстар жас ойыншыларды күйзеліске ұшыратады, ал жауапкершіліктің қысымында оларға қабілетін көрсету қиынға соғады. Нәтиже маңызды емес, балалар өздерін еркін сезініп, ойыннан ләззат алатындай жағдайды арнайы жасадық.


Турнирдің бірінші күні Қазақстандағы барлық Supernovas үйірмелерінің балалары жолдастық кездесулер өткізді. Күн Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» және көкшетаулық «Оқжетпес» ФК арасындағы ойынға барумен аяқталды.

Екінші ойын күні Supernovas балалары мен «Қайрат» АФК кәсіби ойыншылары мен «Алатау» ФК медиа командасының блогерлері арасындағы үлкен жолдастық кездесуге арналды.  Танымал тұлғалармен сайысқа 6 мен 12 жас аралығындағы 126 бала қатысты.


Танымал тұлғалардың қатарында футзалдан Қазақстан құрамасының және АФК ойыншылары Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы деп танылған Лео Игита, сондай-ақ Махамбет Мырза («Ата-Ана. Бала-Шаға» сериалының актері) және Азат Жұмаділ («Шекер» сериалының басты актері) болды.


Барлығы 3 жас санатында 24 жолдастық кездесу өткіздік. Барлық командалар бірінші орын медальдарымен марапатталды.


Әртүрлі командалардың балалары стадионның сыртында әңгімелесіп, достасуы үшін балаларға арналған әртүрлі ойын-сауықтары бар бөлек демалыс аймағы ұйымдастырылды: үстел теннисі, үстел футболы, корнхол. 

Темірлан Айдосұлы, Ұлытау ауылындағы секцияға қатысушы бала:
«Керемет болды: біз команда ретінде бұрынғыдан да тату болып, басқа балалармен таныстық. Құрама ойыншыларымен кездестік, әңгімелестік.»

Андрей Куленюк, Зеренді ауылындағы секция жаттықтырушысы: 
«Ең бастысы, балаларға бәрі ұнады. Өмір бойы олардың естерінде қалатынына сенімдімін. Жобаның арқасында олар осындай мүмкіндікке ие болды, оған бәріміз, жаттықтырушылар мен ата-аналар ретінде өте қуаныштымыз.»

Турнир Талғар қаласындағы футболдан ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу базасында өтті. Supernovas 2023 жылғы Supernovas Cup өткізу мүмкіндігі мен ұйымдастырушылық мәселелерде белсенді қолдау көрсеткені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысын білдіреді. 

Supernovas Cup 2024-те кездескенше!

Біздің жаңалықтар